Bugin

«Игра в кальмаре»: 8 адам қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Панаманың Санта-Ана қаласында «Игра в кальмара» стиліндегі кеш соңы атысқа ұласып, сегіз адам қаза тапты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы LADbible басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға 29 қазан күні боулинг клубында «Игра в кальмара» сериалының негізінде ұйымдастырылған Хэллоуин кешінде болды. Кеште екі қылмыстық топ атысып, бес адам жараланды. Клубқа жақын маңдағы қоқыс жәшігінен үш адамның мәйіті табылған.

БАҚ хабарлауынша, шабуыл жасаған адам сол жерде мерт болған.

Бұған дейін америкалық және еуропалық мектептер «Игра в кальмара» сериалына негізделген Хэллоуин костюмдеріне тыйым салған еді.