Bugin

Биыл 29 алматылық ата-ана құқығынан айырылған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы полиция департаменті биыл 29 алматылықтың ата-ана құқығынан айырылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды.

«Жыл басынан бері комиссиялардың отырыстарында кәмелетке толмағандардың мүддесіне қатысты түрлі фактілер бойынша 297 материал қаралды. Нәтижесінде, 29 алматылыққа ата-ана құқығынан айыру түріндегі шектен тыс шара қолданылды, 2 255 ата-ана бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 12 жасөспірім девиантты мінез-құлықтағы балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына, бір кәмелетке толмаған жасөспірім ерекше режимдегі арнайы білім беру ұйымына жіберілді», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.