Bugin

Екі көлік соқтығысып, 5 адам мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шонжы – Ақсу – Ұзынтам тас жолының 3-шақырымында екі көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

 «Audi және Nissan көліктері бетпе-бет соқтығысып, отқа оранды. Екі көліктің жүргізушісі, Nissan көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы үшеуі Шонжы ауылындағы ауруханаға жатқызылды, кейінірек олардың екеуі көз жұмды. 5 жасар қыз жан сақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61