Bugin
Мәжіліс депутаты Ләззат Рамазанова «Әйелдер кәсіпкерлігі: жаңа мүмкіндіктер мен проблемалар» брифингінде ауылда жағдайы төмен отбасы табу қиын екенін айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«17 өңірдің барлығын аралап, ауылды жерде азып-тозған отбасыны таппадым. Себебі ауылда проблемасы бар отбасыға барлығы жұмылып көмектеседі. Ауылдағы ағайынның барлығы бір-біріне дос, ағайын болады. Ал үлкен қалаға өз өңірінен келгендерде барлық қиындық басталады. Себебі көмектесетін, ақыл айтатын ағалары да, апалары да болмайды», - деді депутат.