COVID-19
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдайларда үнділік коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдануға рұқсат берді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Bharat Biotech компаниясының үнділік Covaxin коронавирусқа қарсы вакцинасын төтенше жағдайларда қолдануға рұқсат берді.
- ДДСҰ Bharat Biotech (вакцинасы – ред.) Коваксинді (Covaxin) шұғыл қолдануға рұқсат берді - деп хабарлады ұйым Twitter-де.
ДДҰ 18 жастан асқан адамдарға төрт апта аралықпен Коваксиннің екі дозасын қабылдауды ұсынады.