Әлем

Өзбекстан: Әлеуметтік желіден шектеген шенеунікті жұмыстан босатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау бойынша мемлекеттік инспекция басшысын қызметінен босатты, - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов Telegram-арнасында.

«Мемлекет басшысының өтінішімен Ақпарат және телекоммуникацияларды қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның басшысы Ғолибшер Зияев қате және келісілмеген әрекеті үшін қызметінен босатылып, тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, «Узкомназорат» Өзбекстаннан тыс жерде Өзбекстан азаматтарының жеке деректерін сақтау және өңдеуге байланысты бірқатар басқа әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойған болатын.