Қоғам

АҚШ-тан Маңғыстауға гуманитарлық көмек келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) грантының арқасында Қазақстанның Қызыл Жарты Айы құрғақшылықтан зардап шеккен үй шаруашылықтарына қаржылай көмек көрсете бастағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Bugin.kz.

Өткен жазда Маңғыстау облысында аномальды құрғақшылық салдарынан мал жаппай қырылды. Ресми мәлімет бойынша өлген ірі қараның жалпы саны шамамен 2 мың бас болды.

Осы уақытқа дейін 225 шаруашылыққа негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру және қысқы жем-шөп сатып алу үшін қаражат бөлінген. Барлығы 1254 адам 33 млн теңгеден астам жәрдемақы алады.