Қоғам

«TikTok» кесірі: Алматылық ана өз баласын өлтірмек болды (фото)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысында әйел 10 жастағы баласын өлтірмек болды, - деп хабарлайды Bugin.kz.

Оқиғаның мән-жайы әлеуметтік желідегі парақшада жарияланды.

«Көптеген пышақ жарақаты бар он жастағы бала 3 қараша күні түстен кейін ауруханаға түсті. Фельдшер оған анасы жарақат салғанын анықтады. Жедел жәрдемді үйдегі жағдайды көрген баланың атасы шақырған. Дәрігерлер баланың денесіне 16 пышақ жарақаты салынғанын мәлімдеді. Әйел баланың арқасын, мойнын, қолын кескен. Тамағын тіліп те үлгерген», - делінген хабарламада.

Мәліметтерге сүйенсек, баланың анасы кейінгі үш күнде өзін біртүрлі ұстаған. Әйел өзін Tik-Tok кейіпкерлері өлтіргісі келетінін айтып, үйдегі барлық адамнан жасырынып жүрген. Ал ұлы оған ойынға қатысушылардың бірі болып көрініп, оны өлтіруге әрекет жасаған.

Бала шұғыл түрде операция бөліміне жеткізілді. Оған травматикалық және геморрагиялық шок диагнозы қойылды. Операция сәтті аяқталғанымен, баланың жағдайы ауыр. Жан сақтау бөлімінде жатыр.

Аталған жайт бойынша қылмыстық кодекстің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.