COVID-19
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты ревакцинациялау науқанын бастау қажеттігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Елімізді эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып тұр. Күн сайын 30-ға дейін өлім тіркеледі. Мұның бәрі вакцинация қарқынының төмендеуі аясында болып жатыр. 9 айда халықты қамту 40 пайызға жуықтады. Көптеген елдер халықты ревакцинациялауды бастады. Наурыз айында белсенді науқанды бастағанымызды ескере отырып, ревакцинация мерзімі жақындап қалды. Бізге, үкімет пен әкімдерге тұрғындарды қайта вакцинациялау науқанын бастау керек», - деді Мемлекет басшысы моноөнеркәсіпті дамыту жөніндегі кеңесте.