Қоғам
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбенің сәулеттік келбетін танымал әнші Димаш Құдайбергенмен байланыстыруды жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Inform.kz-ке сілтеме жасап.
«Шынымен де біздің қаланың сәулеттік келбетін Димаш Құдайбергеновпен байланыстыру жоспарымызда бар. Ол – бүкіл Қазақстанның мақтанышы. Бұл адам өз талантымен бүкіл елдің, соның ішінде біздің өңірдің атын шығарып жүр. Бірақ оның коммерциялық жағы, ұйымдастыру жұмыстары бар екенін түсінетін шығарсыз. Қазір оның өкілдерімен осы мәселе бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Шынымен де, санитарлық-эпидемиологиялық шектеулер алынғаннан кейін қаламыздың туристерге ең бір тартымды орны Димашпен байланысты болғанын қалаймыз», - деді облыс әкімі.