Экономика

Банктегі бос уақыт

Уақытты бағалайық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Банк деген киелі жер ғой шіркін. Уақытыңды күтіп отырасың. Мұнда қағазына қарап кезекті нөмірін күтіп отырғандар қаншама. Алдыңда жүз адам болса да отырайын кезегім келіп қалар деп екі көзі төрт. Елімізде финанс мәселесі ақсап тұрғанын елбасының өзі мойындайды. Қызық, біраз реформаны қажет ететін әрі кезек күттірмейтін түйткілі көп проблемалар жиыны. Ал уақытты босқа сарп болып жатқан қара халық.

Жығылғанға жұдырық. Банктерді жаптырып,  бір біріне қосып былықтырып жатыр қазіргі күні. Амал жоқ оған да алысармыз. Халықтан да мезі болған қызметкерлер. Демалғысы келеді жұмыс барысында. Екі көзі компьютерде ме десең,  айфонның месенджер тұрған бетінде. Оны елеп, әй мынауың дұрыс емес деген ешкім жоқ.  Дегенменде олар да адамның баласы ғой. Түсіністікпен қараған жөн-ақ.

Әйтсе де кезек уақытын күтуде пайдалы жұмыс атқарғанды жөн көремін. Мысалға жаңалық қарау,  газет оқу,  не демалыс орындарын дайындау не тағы басқасы. Сарылып кезек күту не тәйірі?  Өліп кете жаздайсың. Иә,  жұмыс солай. Дегенмен де қараша халықтың да жағдайын жасау керек қой. Олар да ерігіп жүргені жоқ. Бас мәселелерін шешуге келгендер емес пе? Банктегі әр келуші кемінде 15-20 минут не одан да көп уақыттай арызын не өтінішін ұсынады,  сосын компьютерлік жұмыстар. Әр қызметкер кемінде күнделікті елуге жуық адамды қабылдаса, ең соңғы кезектегі кісі не қылсын?  Күтемін деп-ақ қартаятын шығар. Немесе электронды түрде уақытылы талонмен қабылдауға жазылу болса құба құп болар.

Тек алтынан да қымбат уақытымыздың бағасын білсек игі.