Спорт

Бокстан ӘЧ: Бүгін жартылай финал

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалында ел сапынан бес боксшы шаршы алаңға шығады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Боксшылардың ойын көрсету кестесі төмендегіше:

48 келі: Теміртас Жүсіпов - Евгений Кармельчик (Беларусь)

51 келі: Сәкен Бибосынов - Танаарат Саенгфет (Таиланд)

54 келі: Махмұд Сабырхан - Акаш Кумар (Үндістан)

57 келі: Серік Теміржанов - Освей Кабалльеро Гарсия (Куба)

67 келі: Абылайхан Жүсіпов - Сивонрец Оказава (Жапония)

Күндізгі сессия елорда уақытымен 18.00-де басталса, кешкісі 23.00-де болады. Жекпе-жектер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.