Қоғам
1 қарашадан бастап Қазақстанда автокөлік жолдарының жеті учаскесі ақылы болады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Олар:
Нұр-Султан – Павлодар,
Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентке қарай),
Щучье – Көкшетау,
Қапшағай – Талдықорған,
Шымкент – Тараз,
Тараз – Қайнар,
Шымкент – Қызылорда.
Бұл учаскелердің тарифі қазіргі ақылы жолдардың бағасымен бірдей болады. Жолақы құны автокөлік түрі мен бағдар ұзақтығына байланысты.
Мысалы: Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолымен жүретін жеңіл автокөліктер 380 теңге төлесе, автобустар үшін жол ақы 1 870 теңгеден 5 610 теңгеге дейін. Ал жүк көліктері үшін 1 870 теңгеден 9 380 теңгеге дейінгі аралықта болады.
Жол ақысын интернет-банкинг, төлем терминалдары, сондай-ақ SMS арқылы төлеуге болады.