Спорт
Қазақстандық былғары қолғап шебері Абылайхан Жүсіпов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды, - деп хабарлайды Bugin.kz.
67 келіде шаршы алаңға шыққан Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда жапониялық Севонрет Окадзавадаға есе жіберді. Нәтижесінде, Абылайхан әлем чемпионатының үшінші қола жүлдесіне қол жеткізді.
Айта кетерлік жайт, Абылайхан Жүсіпов осыған дейін 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатының жартылай финалында қарсыластарына жол берген.