Спорт
Қазақстандық былғары қолғап шебері Теміртас Жүсіпов Сербияда өтіп жатқан дүбірлі доданың финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Bugin.kz.
48 келі салмақ дәрежесінде Теміртас Жүсіпов Беларусь спортшысы Евгений Кармильчикпен кездесіп, жекпе-жек 5:0 есебімен қазақстандық спортшының еншісіне шешілді.
Осылайша, Теміртас биылғы әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақстандық спортшы атанды.