Төрт қазақстандық бокстан Әлем чемпионатының финалисті атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сербияда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында төрт жерлесіміз финалға шықты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Финалға Сәкен Бибосынов, Сабырхан Махмұд, Теміртас Жүсіпов және Серік Теміржанов шықты.

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатын «қоламен» аяқтады.

Турнирдің финалдық жекпе-жектері екі күнде – 5 және 6 қарашада өтеді. Қазақстандықтар америкалықтармен екі рет, тағы екі жекпе-жекте Тайланд пен Жапонияның қарсыластары кездеседі.

Қазақстандық боксшылардың қатысуымен 2021 жылғы әлем чемпионатының финалы:

48 келіге дейін: Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) - Вуттичай Юрачай (Таиланд)

51 келіге дейін: Роско Хилл (АҚШ) - Сәкен Бибосынов (Қазақстан)

54 келіге дейін: Махмуд Сабырхан (Қазақстан) - Томоя Цубой (Жапония)

57 келіге дейін: Джамал Харви (АҚШ) - Серік Теміржанов (Қазақстан)

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61