COVID-19

Коронавирусқа қарсы вакцинацияланған балалар 100 доллардан алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нью-Йорк билігі балаларға COVID-19-ға қарсы вакцинацияланғаны үшін жүз долларды ұсынады. Бұл туралы Нью-Йорк мэрі Билл Де Блазио мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.

Бұған дейін FDA және CDC медициналық реттеушілері 5-11 жастағы балаларды вакцинациялау үшін Pfizer вакцинасын қолдануды мақұлдады. Балалар арасында коронавирустың асқынуы және өлімі сирек болса да, COVID-19 жағдайларының төрттен бір бөлігі балаларға келеді.

- 5 пен 11 жас аралығындағы балалар қалалық вакцинация орталығында COVID-19-ға қарсы егілген болса, 100 доллар көлемінде сыйақы алуға құқылы - деп жазды де Блазио өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Қазір Нью-Йорктіктердің 67,4% - ы коронавирусқа қарсы толық вакцинацияланған. Ішінара егілген – 6,4%. Бұл ретте қала тұрғындарының 26,3% - ы әлі егілмеген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61