COVID-19
COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс күндері Ashyq қосымшасында «көк» мәртебесі бар тұлғалардың сауда орталығына баруына тыйым салуды қарастырып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салтанат Лесбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.
- Бүгінгі күні санитарлық дәрігердің №47 бұйрығына сәйкес «жасыл» мәртебесі бар адамдардың нысандарға баруы қарастырылған. Жақында МАБ отырысында бұл тәжірибе сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмыс күндері жұмыс істеуі үшін ұсынылды. Яғни, бүгінде сауда және ойын-сауық орталықтарына тек «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана бара алуы үшін. Бұл мәселе талқылануда, - деді Лесбаева.
Оның айтуынша, шешім қабылдамас бұрын бизнестің ықтимал жоғалуын және келушілер ағынының төмендеуін талдау қажет.