Спорт

Боксшы Сәкен Бибосыновтың финалдағы қарсыласы анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалдық бәсекесінде қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Bugin.kz.

Сәкен финалда америкалық былғары қолғап шебері Роско Хиллмен жұдырықтасады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жерлесіміздің қарсыласы таиландтық Танарат Саенгфет болған. Бибосынов оны төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңді.