МӘДЕНИЕТ

"Сырмақ шерткен сыр" шеберлік сағаты өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Сырмақ шерткен сыр» атты шеберлік сағат өткізді.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Іс-шараның мақсаты ұмыт бола бастаған көне дәстүрлерді жаңғырту, жүннен жасалатын бұйым түрлерін, киіз басу өнерін кеңінен насихаттау.

Шеберлік сағатта қала тұрғындарына ұмыт бола бастаған қолөнеріміз - жүн сабау, жүн бояу, шүйкелеу, киіз басудың қыр-сыры көрсетілді.

Шеберлік сағаттың бірінші күнінде әжелеріміз жүн сабау, жүн бояу, шүйкелеудің әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Шараға мәдениет мекемелері, “Үкілі”, “Көркем”, “Ақтілек” әжелер тобы, мектеп оқушылары қатысты.