Қоғам

Тоқаев: Қазақ-Қытай шекарасындағы шектеу жақында аяқталатынына сенеміз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы IV Қытай Халықаралық импорттық тауарлар көрмесінің ашылу рәсімінде бейнеүндеу жасады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Қиындыққа қарамастан, күрделі 2020 жылдың өзінде екіжақты  тауар айналымы  5 пайызға өсіп, 15 миллиард доллардан асты. «Өзгерістер желі соққанда, біреулер қабырға тұрғызады, енді біреулер жел диірмен салады», - деген көне қытай нақылы бар. Пандемияға байланысты Қазақстан-Қытай шекарасына енгізілген уақытша шектеу шаралары тезірек аяқталып, алыс-беріс қайтадан жандана түседі деп сенеміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.