Bugin
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы Пенжім ауылындағы тәртіпсіздікке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Президенттің айтуынша, бұл мектепте болған жай төбелес. Тоқаев балалардың мектеп қабырғасында жарақат алуы төтенше жағдай саналатынын атап өтті.
- Азаматтарымыздың наразылығық білдіргені орынды, оларды түсінуге болады. Одан кейін жастар арасында бұзақылыққа жол берілді. Бірақ мұндай жағдайдың алдын алуға болар еді. Дегенмен, әрекет болмады. Ақпараттық кеңістікте осы оқиға этносаралық сипат алды. Бұл жерде ешқандай да этносаралық жанжал болған жоқ! Алайда елімізге қарсы араңдатушылар мен қаскөйлер аталған оқиғаны басқа сипатта көрсетті - деді Тоқаев.
Тоқаев құқық қорғау органдары, президент әкімшілігі тарапынан арандатушыларға қатысты ешбір шара қолданылмағанына таңданысын жасырмады.
- Біз шара қолданбаймыз ба? Мұндай араңдатушылар еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруде. Сондықтан осы оқиғадан дұрыс шешім шығаруымыз керек, – деді мемлекет басшысы.
Президент қоғамда түрлі этнос пен конфессия өкілдері арасында достық дәстүрін нығайту қажеттілігіне назар аударды. Пенжімдегідей жағдай болғанда дер кезінде шара қолдану алгоритмін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
- Құқық қорғау органдары тарапынан ұлттық қауіпсіздікке зиян келтіріп, халқымыздың бірлігін бұзуға бағытталған кез келген әрекетке шара қолданылады. Бұл әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге де қатысты, - деді Тоқаев.