Bugin

Спорт алаңы пайдалануға берілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Майлықожа көшесіндегі көпқабатты № 17 үй ауласында жаңа спорт алаңшасы тұрғындар игілігіне тапсырылды.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Белгілі кәсіпкер Серік Түлбасовтың жеке қорының есебінен салынған алаңшаны қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ашты. 

Биыл демеуші қаражаты есебінен салынған 5-ші спорт алаңшасында воркаут аймағы, фитнес, волейбол, баскетбол және кіші футбол ойнауға мүмкіндік бар.

– Ел болашағы – жастардың денсаулығы мен білімінде. Сол миссияны орындау мақсатында баршамыз бірлесе жұмыс атқаруымыз керек. Бұқаралық спортты дамытуға өз септігін тигізіп жүрген қаламыздың жомарт азаматтарына алғыс. Биыл Әл-Фараби ауданында жалпы 31 спорт алаңшасы пайдалануға беріледі. Оның 25-і қала бюджетінен, ал 6-ы демеуші есебінен. Тұрғындар бұл игі істеріңізді ұмытпайды, – деді Мақсұт Пернебайұлы.

Бүгінде Шымкент қаласының барлық аудан аумағында балалар ойын алаңшалары, спорт тренажерлары пайдалануға берілуде.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61