Әлем
Колумбияның Мальяма муниципалитетінің ауданында көшкін салдарынан қаза тапқандардың саны 17-ге жетті. Бұл туралы бейсенбіде жергілікті Апат тәуекелдерін басқару жөніндегі жергілікті ұлттық орталық мәлім етті, - деп хабарлайды Bugin.kz.
«Жер қабаттарының қозғалысы 17 адамның өмірін қиды, сегізі жарақат алды, олардың жетеуі ауруханалардан шығарылды. Хабар-ошарсыз кеткендер туралы ешқандай хабарлама түскен жоқ. Екі ғимарат қирап, тағы үшеуі құлау алдында тұр», - делінген ведомствоның Twitter-дегі хабарламасында.