Қоғам

Банк картасына 416 млн теңге түскен қостанайлық сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қостанайда картасына банктен 416 млн теңге түскен ер адам 7 жылға сотталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kursiv.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпкер тауар сатып алу үшін досының картасын сұрап алып, соған 500 мың теңге салған. Тауардың ақысы төленген соң әлгі картаға тура сол сомадағы ақша түсіпті. Банк жүйесі істен шығып, қателікпен екі күн ішінде кәсіпкердің қолындағы картаға 416 млн теңгеден астам қаражат аударылған. Ол өз есепшотына түскен 416 млн теңгені меншіктеп алмақшы болып, достарына жібере бастаған.

Жедел-іздестіру нәтижесінде қалалық ПБ жедел уәкілдері күдіктіні қолға түсірген. Сот үкімімен ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61