Teacher.kz
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - деген атақты орыс педагогі К.Д. Ушинский.
Цифрлық дәуірге аяқ басқалы мұғалім тек мектепте ғана емес, кез келген жерде, өзі қалаған уақытта білім беріп табыс табады. Мұндай мүмкіндікті Daryn Teacher мен Daryn Tutor жобалары беріп отыр. Жоба жетекшісі Ерлан Әуелбекұлымен сұқбатты ұсынамыз.
Daryn Teacher қандай платформа?
- Daryn Teacher – ұстаз бен оқушыны қашықтан видеоқоңырау арқылы байланыстыратын платформа. Платформаның көмегімен оқушылар еліміздің кез келген аймағындағы мұғаліммен байланыса алады. Оған қоса, уақытын үнемдейді. Мобильді телефон немесе компьютер арқылы үйде отырып білім алады. Бұл жоба үш ай бұрын іске қосылды. Бүгінде платформаға 1000-ға жуық мұғалім тіркеліп, күніне 200 -250 қоңырау қабылдап отыр. Олардың 100-ге жуығы күнделікті оқушылармен онлайн байланысады. Платформада мұғалімнің белсенділігі мен жұмыс сапасына қарай “Бастаушы”, ”Үздік”, ”Кемеңгер” деңгейлері беріледі. Видеоқоңырау аяқталған соң оқушы мұғалімді бағалап, пікір қалдыра алады.
- Daryn Teacher-дің негізгі мақсаты қандай?
Жоба мақсаты – ұстаздардың қосымша табыс табуына көмектесу және оқушыларға білім алуды жеңілдету.
- Daryn Tutor жобасы қалай жұмыс істейді?
- Жобада оқушы ұстаздың рейтингіне қарай қалаған мұғалімін таңдайды. Уақытын, өту форматын белгілейді. Ұстазбен келісіп, сабақты бастайды.
Ал мұғалім алдымен арнайы өтініш парағын толтырады. Пәнін, білімі мен жеке мәліметтері туралы ақпарат қалдырады. Оқушылардан келген өтініштерді қабылдап, келісіп, сабақ жүргізе береді.
- Daryn Tutor-дың артықшылығы неде?
- Қазіргі таңда сенімді репетиторлар платформасы өте аз. Daryn Tutor-да оқушы ыңғайлы уақытта тиімді бағадағы білікті репетитордан білім алады. Оқушы репетитор іздеп уақыт жоғалтпайды, ал мұғалім қосымша табыс табады. Бүгінде платформаға 1500-ден астам мұғалім тіркелген.
- Мұғалім оқушыны өзі іздей ме?
- Мұнда мұғалім оқушы іздемейді. Ең алдымен мұғалім өзі жайлы ақпараттарды енгізіп, өтінім қалдырады. Тіркелуден соң платформадағы репетиторлар тізіміне қосылады. Оқушы мұғалімді өзі таңдайды.
- Бұл жобалардың мұғалімге әкелер пайдасы қандай?
- Бізге тіркелген мұғалімдер өзінің бос уақытында балаларға білім бере отырып, табыс табады әрі біліктілігін арттырады. Саланың жас мамандары үшін де таптырмас жоба деп санаймын.
Платформаларға тіркелу тегін. Қосымша табыс табу үшін күніне бір-екі сағат уақытын бөлсе жеткілікті. Алдағы уақытта платформаға тіркелген ұстаздарға біліктілікті арттыратын курстарды тегін беру жоспарда бар. Оған қоса, Дарын бонустарын жинап, ақысыз олимпиадаға қатыса алады.
- Мұғалімдерге арналған тағы да жаңа жоба жоспарда бар ма?!
- Мұғалімдерге сабақ жоспары мен әдістемелік материалдар жағынан көмек көрсету ойымызда бар. Білікті ұстаздарды республика көлемінде танытып, мұғалім мәртебесінің көтерілуіне үлес қосуды жоспарлап отырмыз.