Спорт
31 жастағы мексикалық былғары қолғап шебері «Канело» бокстан супер орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы атанды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Сауль Альварес 7 қараша күні АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегаста MGM Grand аренасында 29 жастағы америкалық боксшы Калеб Плантпен «Канелоның» WBA, WBC және WBO чемпиондық белбеулері мен Планттың IBF титулдары үшін жұдырықтасты.
12 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жетпей, 11-раундта ол алдымен нокдаун жасап, кейін қарсыласын нокаутқа түсірді. Осылайша «Канело» супер орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы атанды.