Bugin

Алматыда ағаш шеберханасы өртенді (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

7 қарашада оңтүстік астанада ағаш шеберханасында ірі өрт орын алды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Өрт туралы хабар жедел басқару пультіне сағат 1:21-де түскен. Өрт сөндіру бригадалары жоғарылатылған қауіптілік дәрежесіне шықты. Төтенше жағдай орнына 50-ден астам өрт сөндіруші мен 15 бірлік техника аттанды.

Төтенше оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ағаш бұйымдарын өңдейтін цех өртеніп жатқанын анықтады. Цехтың ерекшелігі ғимараттың үстіңгі бетон жабыны мен аспалы төбенің арасында оқшаулау ретінде күлмен толтырылған бос орындар болды. Осының салдарынан өрт төбеден өтіп, күл арқылы тарай бастаған. Ағаш және ағаш материалдары бар көрші үй-жайларға таралу қаупі болды.

Бұған жол бермеу үшін өрт сөндірушілер аспалы төбені бірнеше жерден ашуға мәжбүр болды. Өрт сөндірушілер тепловизор көмегімен жасырын жану ошақтарын іздеді.

Өрт небәрі 21 минутта локализацияланып, бір сағатқа жетпей сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 30 шаршы метрді құрады. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ.