Қоғам
ІІМ 2023 жылға дейін полицейлердің жалақысын 50-ден 90%-ке дейін өсіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев.
Министр бүгінде полиция қызметкерлерінің жалақысы құқық қорғау органдары арасында өте төмен екенін атап өтті. Сондықтан президент тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бастап кезең-кезеңмен жалақы көтерілуде.
«2023 жылға дейін 50-ден 90 пайызға дейін өсіру көзделген. Осылайша, сержанттың жалақысы 81 мыңнан 140 мың теңгеге дейін, лейтенант – 103 мыңнан 174 мың теңгеге дейін артады», - деді Тұрғымбаев мәжілістегі ішкі істер органдарын реформалау туралы үкімет сағатында.