Bugin

Ақпарат және қоғамдық даму вице - министрі Шымкент қаласының жастарымен кездесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Қуанышұлы Умаров Шымкент қаласына іс-сапарымен келді.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Іс - сапар барысында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласының төрт ауданынан ашылған орталықтың бірі Қаратау ауданды жастар ресурстық орталығының жұмыс барысымен танысты. Онда  жас мамандармен және атқарылған жұмыстарымен танысып, жастар мәселелерін талқылап, қызметкерлердің ұсыныс пікірлерін тыңдады. 

Сондай-ақ кездесуде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің ұйымдастыруымен өткен «Жастар ресурстық орталықтарының I алқалы» отырысына ZOOM видео-байланыс ақпараттық жүйесі арқылы қатысты.