Коронавирустан 34 полиция қызметкері қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, ұрлық, бұзақылық, зорлау фактілері азайды. Бұл туралы Мәжілістегі үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz.

- Көшеде, қоғамдық орындарда жасалатын, бұрын сотталғандар, кәмелетке толмағандар, мас адамдар сондай-ақ қару қолдану арқылы жасалатын қылмыс көрсеткіші төмендеді. Қылмыстың ашылуы жақсарды. Мұндай жағдай 3 жыл бойы сақталып келеді, – деді министр. 

Ерлан Тұрғымбаев пандемия кезінде күніне 12 мың полиция қызметкері уақытпен санаспай жұмыс істегенін, карантин жарияланғанда 50 мың полиция қызметкері міндетін мінсіз атқарғанын айтты. 

- Олар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті. 445 блок-постты күзетті. Ауру тараған 700 аймақты қоршауға алды. Мейрамханалар мен ойын-сауық ошақтарының жұмысын бақылады. Өкінішке қарай коронавирустан 34 полиция қызметкері қайтыс болды. 19 612 қызметкер аурудан жазылып шықты, – деді министр.  

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61