Bugin

10°C аяз: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

«Солтүстік-Батыс циклонның әсерінен Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінің басым бөлігінде жауын-шашын болады, елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ тұман, көктайғақ, төмен бұрқасын болжанады, кезең соңына қарай ауа температурасының біртіндеп төмендеуі орын алады: түнде Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 0...10 аязға дейін, күндіз 5 аяз–5 жылуға дейін, оңтүстік-батыста түнде 2-7 жылу аралығында, күндіз 5-10 жылуға дейін, солтүстікте болса 2 аяз–3 жылуға дейін жетеді. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады: күндіз ауа температурасы 5...15 жылуға дейін көтеріледі деп күтілуде. Республика бойынша жел 15-23 м/с дейін күшейеді» - делінген хабарламада.