Әлем
India Times басылымы жаһандық жылынудың салдарынан 2030 жылға дейін су астында қалуы мүмкін әлем қалаларының тізімін жасады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы ria.ru сайтына сілтеме жасап.
Climate Central ұйымы ұсынған деректерге сүйенсек, Амстердам, Басра, Жаңа Орлеан, Венеция, Хошимин және Калькутта сияқты қалаларға қауіп төніп тұр.
«Голландиялықтар су тасқынынан қорғану ғылымын игергенімен, бұл қала жаһандық жылыну мен теңіз деңгейінің көтерілуіне төтеп бере алмайтын сияқты», – делінген мақалада.
Ирактың Басра порты Парсы шығанағына құятын Шатт-Эль-Араб өзенінде орналасқан. Қала сулы-батпақты жерде орналасқандықтан он жылдан кейін ол жартылай не толығымен су астында қалуы мүмкін.