Қоғам
Келесі жылдан бастап Қазақстанда 300-ден астам педофилге электронды білезік тағылады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
ІІМ қылмыскерлерді бақылау білезігін жалға алуды жоспарлап отыр. Бір электронды білезіктің ай сайынғы төлемі 10 мың теңгені құрайды.
Онымен қоса, Ешмағамбетов бір электронды білезікті жалға алу ай сайын қанша теңге екенін нақтылады.
«Бір білезіктің бағасы 200 мың теңге және одан жоғары. Сондықтан бізге оны жалға алған тиімді. Алдын ала есеп жүргізілді. Бір электронды білезікті жалға алу оның сервистік қызметін, батареясын ауыстыру сияқты дүниелерді ескергенде, айына 10 мың теңгені құрайды», - деді Ешмағамбетов.