Қоғам

Алматы облысында пойыз рельстен шығып кетті (фото)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысының Бұрындай ауылында жүк пойызының екі вагоны рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы бұл оқиғаны растады.

«Бүгін түскі сағат 12:15 кезінде бос екі вагон рельстен шығып кетті. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Көлік қозғалысы ашық»,-деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.