Bugin

Медиация­-маңызды іс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Ел тарихындағы қоғамдық қа­рым-қатынастың тұрақты мем­лекеттің қалыптасуына және  салты мен дәстүрінің сақта­луына үлкен ықпал еткендігін ерекше атап өткен жөн. Медиацияны екі арадағы қарым-қатынасты реттеу шарасы ретінде қарас­тыруды қа­зақ даласында, еларалық, мем­­лекетаралық және ру­ара­лық қарым-қатынастарда үлкен рөл атқарғандығын тілге тиек ету керек.  Мәселен, этно­мәдени бір­лестіктердің жетекшілері өңір­лерге шығып, көптеген түйт­кілді мәселелерді шешуге өзін­дік үлесін қосып, медиатор болған кездері де аз емес. 

Қазіргі таң­­да әртүрлі қауіптердің бе­лең ала бастауынан көп­теген ел­дердің этносаралық татулық­тың маңызын түсіне баста­ған­дығы сезіледі.  Сон­дық­тан медиация Қазақ­стан үшін ғана емес, әлем үшін де ма­ңызды болып табылады. Осы ретте Қа­зақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 2011 жылдың қаңтарында қабыл­дан­ғанын айта кету керек.Этносаралық дауларды ешқашан саяси мәселеге айналдыруға болмайды. ҚХА бүгінгі таңда азаматтық қоғам мен билік ара­сын байланыстырушы медиаторға айналып отыр. Ал, еліміз Қазақстан кез келген шиеленісті шешу алаңына айналуда.

Сон­дық­тан медиация институтының барлық жерде қажеттілікке айнала алатындығы айқын аңғарылады.

Медиа­ция­ дау-жанжалдарды өркениетті жолмен шешуге ықпал жасайды.  Қоғамдық қатынастар сала­сында кәсіби медиаторларды дайындау уақыт талабына айналған. Осы орайда 2011 жылы «Халықаралық медиация орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің  құрылғандығын ерекше атап кеткен дұрыс. Сол жылдан бері орталықтың реестрінде тізілімде тұратын кәсіби және халықаралық медиаторлардың атқарған жұмыстары аз емес.  Олар медиацияны пай­даланудың техникалары мен тетіктерін жан-жақты меңгерген өз ісінің шеберлері десек артық  айтқандық емес.

Биылғы жылдың өзінде Шымкент қаласында бойнша сотқа дейін, сот барысында және соттан кейінгі отбасылық мәселелер, еңбек және жер дауы, мұрагерлік пен мүлік бөлісу, қарыз ақша мен кәсіпкерлік келісім шарттарды медиативтік келісіммен жасау, сондай-ақ қылмыстық істер, жалпы саны 2000-нан астам дау кәсіби медиаторлардың араласуымен келісімге келген. Біле білгенге бұл аз жұмыс емес.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Халықаралық медиацияға ерекше көңіл бөлінуде. Биылдың өзінде шетел азаматтарының қатысуымен 200-дей медиативтік келісім жасалды. Медиация практикасы – қоғамның кемелдену белгісі, азаматтық сана-сезімнің белгілі бір деңгейі. 

Әрине, этносаралық қайшылықтарды, жанжалдарды реттеу тұрғысынан медиацияның үлкен болашағы бар. Өзінің табиғаты бойынша ол жария емес, көзге түсе бермейді, көбінесе құпия сипатқа ие, сондықтан жұртшылыққа беймәлім. Бірақ оның рөлі өте маңызды және уақыт өте келе үнемі өсетін болады.