Қоғам

Шенеуніктер бюджет қаражатына қолшатыр алған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысы әкімдігінің қызметкерлері 50 қара қолшатыр сатып алғаны туралы хабар тарады. Ал желі қолданушыларына шенеуніктердің бұл әрекеті ұнамады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

КТК телеарнасының хабарлауынша, алғашында қолшатыр сатып алуға жарты миллионға жуық теңге қарастырылған, бірақ жеңілдікпен олар шенеуніктерге 195 мың теңгеге түскен.

«Біз келген қонақтарды осы қолшатырлармен қарсы аламыз, жақында премьер-министр келді. Біз ауа райы қолайсыз болғандықтан, осы қолшатырмен қарсы алдық. Олар тек ғимарат ішінде ғана жүрмейді. Түрлі нысандарға барады. Қолшатырларды ресми делегациялардың қажеттіліктері үшін тендер арқылы сатып алдық», - деді Ақтөбе облысы әкімдігі аппараты басшысының міндетін атқарушы Мейрам Әуелбеков.