Қоғам

Полицейлердің жаңа формасын түрмедегілер тігеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еліміздегі тәртіп сақшылары 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысқа жаңа формамен кіріседі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Хабар» телеарнасының «Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбаты барысында хабарлады, - деп жазады Bugin.kz порталы.

«Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасының бірінші тармағы бойынша тәртіп сақшыларының формасын жаңарту қарастырылған. Ең алдымен, полиция қызметкері – құтқарушы. Одан адамдар қорықпауы тиіс. Полиция формасын былтырдан бері әзірледік. Оның ыңғайлылығына мән бердік. Оны адамдар тануы тиіс. Шетелдік мемлекеттердің жобаларын талқыладық. Қою көк түс – әлем полициясының түсі болғандықтан, сол реңкті таңдадық», - деп атап өтті Ішкі істер министрі.

Министрдің сөзінше, жаңа формада темір заттар болмайды.

«Оның орнына кестелеп тігілген белгілерді қолдануды жөн деп таптық. Үлкен фуражканы да алып тастадық. Патрульдік және учаскелік полиция қызметкерлерінің киімі барынша ыңғайлы болғаны абзал. Форманың дизайнын өзіміз - Ішкі істер министрлігі ойластырдық. Мұның барлығы отандық өнім, яғни негізгі форманы түрмеде жазасын өтеп жатқандар тігеді», - деді ведомство басшысы.