Қоғам

Министр: «Ешкім пара бермейтін болса, алатын да адам болмайды»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ІІМ Ерлан Тұрғымбаев «Хабар» телеарнасының «Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбаты барысында пара беруші де параны алушымен бірдей жазалануы тиіс екенін мәлімдеді, - деп жазады Bugin.kz порталы.

«Пара беруші қылмыстық жауапкершіліктен жалтаратын жайттар жиі кездеседі. Ол заң бұзып отыр, адамды азғырды. Егер ешкім пара бермейтін болса, алатын да адам болмайды. Осылайша, қоғам өздігінен тазаруы тиіс. Менің талабым бойынша, егер қызметкерге пара ұсынылса, ол пара берушіні ұстап, рапортқа бәрін түсіріп, пара туралы хабарлауға міндетті. Биыл осындай 109 дерек тіркелді», - деді ведомство басшысы.