Weekend
Фильм үміткерлер тізіміне енді
Белгілі режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмі "Оскар" сыйлығына үміткер тізіміне енді,-деп хабарлайды Bugin.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Аталған фильмде қазақстандық актриса Самал Еслямова басты рөлде ойнайды. Оскардың "Үздік шетелдік фильм" номинациясына ұсынылған фильмның жауабы 2019 жылдың 22 қаңтарында белгілі болады.
"Айка" фильмінің халықаралық атауы "Менің кішкентайым" ("My Little one") деп аталады. Айта кету керек, "Үздік шетелдік фильм" номинациясына 87 фильм ұсынылған.
Фильм 2018 жылы өткен халықаралық 71-ші Кан фестивалінде жеңімпаз атанып, қазақстандық актриса Самал Слямова "үздік әйел рөлі" атағын жеңіп алған болатын.