Bugin

Қазақстанда баспана бағасы қымбаттауда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың қазанында тұрғын үй нарығында баға қалай өзгергенін есептеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Бір айда (2021 жылғы қазан 2021 жылғы қыркүйекке қарай) жаңа тұрғын үйді сату бағасы 1,9 пайызға, қайта сату 1,2 пайызға өскен.

Орташа алғанда республика бойынша, жөндеу жұмыстары жасалған және жасалмаған пәтерлердің бір шаршы метрі 352 654 теңге болған. Бағаның өсуі 2020 жылдың қазанымен салыстырғанда 14,6 пайыз.

Ескі тұрғын үйді жалға алу бағасы бір айда 0,9 пайызға, бір жылда 16,9 пайызға өскен.