Travel

Біз білмейтін әлем елдері

Ал сіз білесіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемдік туристтік ұйымның (UNWTO) дерегіне сүйенетін болсақ, 2017 – ші жылы әлем халқы Франция, Испания, АҚШ, Италия мен Түркия сынды алып елдерге көп барған. Бірақ адамдар табиғаты аталмыш елдерден асып түсер, демалуға ыңғайлы мемлекеттердің барын біле бермейді, тіпті атын да естіп көрмеген болар.

Кабо-Верде

Атлант мұхитының жағалауындағы Африканың батысында орналасқан Кабо-Верде мемлекеті дамыған елдердің қатарына кіріп үлгерген. 500 мыңнан астам халқы бар бұл елдің экономикасы туризмнің арқасында дамып келеді. Серфинг пен дайвингті ұнататын, спорттық балық аулаумен айналысатын адамадар үшін Кабо-Верде араладары таптырмайтын мүмкіндік. Ал жоғары сапалы қызметті талап ететін адамдар үшін шағын мемелкетте бес жұлдызды қонақ үйлер де бар.

Сент-Китс және Невис

Оңтүстік және Солтүстік Америкадағы көлемі жағынан да, халық санын да ең кіші мемлекет. Сент-Китс шағын жағажайларының көптігімен ерешеленеді. Ауыл шаруашылығы дамыған бұл елдің климаты да жанға жайлы. Ең төменгі ауа температурасы +18 градусты құраса, ең жоғарғысы +32 шамасында.

Бутан

Қытай мен Индияның қақ ортасынан орын алған Оңтүстік Азияның ең керемет жерлерінің бірі – Бутан мемлекеті. Айналасы Гималай тауларымен қоршалған Бутан мемлекетінің туризм саласы жылдан-жылға дамып келеді. Себебі таза ауада тынығып, жаяу жүруді құптайтын және табиғат аясында демалуды жаны сүйетін адамадар үшін Бутан елінде барлық мүмкіндіктер жасалған.

Кирибати

Тынық Мұхитының орталық бөлігінде орналасқан, 33 аралдан тұратын Кирабити мемлекеті теңіз табиғатының сұлулығымен ерекшеленеді. Бұл елдің халқы отбасылық құндылықтарды бірінші орынға қояды. Сонықтан Кирабити халқы үшін жанға жайлы орта қалыптастыру өте маңызды. Турситтерді Кирабити елінде жағажайлардың тазалығы, флора мен фаунаның көптігі тартады. Десек те,  жыл сайын елге келетін туристердің саны айтарлықтай көп емес, қонақүйлер де аз.

Бруней

Әлем халқы біле бермейтін Бурней мемлекеті Азияның ең керемет жерлерінің бірі. Небәрі 400 мың халқы бар мемелкет әлемдегі ЖІӨ көрсеткіштері ең жоғары дәрежеге жеткен елдердің қатарында. Бурнейдің Бандар Сери Бегаван атты астанасы туристердің ең жиі баратын жері. Себебі бұл қалада Омар Али мешіті, “Jerudong Park” табиғи саябағы, “екінші Венеция” атанған Кампонг-Айер аралы бар. Аталмыш мемлекетке азияның Сингапур, Қытай, Малайзия сынды елдерінен туристтер көп келеді.