Bugin

Министр НЗМ оқушысының өліміне қатысты пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысының өз-өзіне қол жұмсауы туралы айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

- Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Мен егжей-тегжейлі айта алмаймын. Бірақ бұл жағдай туралы білемін. Иә, расында, бұл суицид,  кісі өлтіру емес. Бұл шешімді жас жігіт өзі қабылдады. Оны бұған не итермелегені қазір тексеріліп жатыр. Барлық курстастары, туыстары, ата-аналарынан сұхбат аламыз. Қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі, - деді министр.

Еске сала кетейік, 28 қазанда Алматыдағы НЗМ-де қайғылы оқиға болған еді. 8-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Желіде жасөспірімнің мектепке Гарри Поттердің стилінде келгені, сынып жетекшісі оған айқайлап, психологқа күштеп апарғаны туралы ақпарат тараған еді.

Білім мекемесінің мәліметінше, қайғылы жағдай олардың аумағында болған жоқ. Интернетте тараған қауесеттердің барлығы сол жерде жоққа шығарылды.

29 қазанда мектепте оқушының өз-өзіне қол жұмсауына байланысты наразылық акциясы өтті.