Bugin

Украиналық сайтта қазақстандықтардың құпия мәліметтері жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Украинаның тәртіп сақшылары ТМД-ның бірқатар елдерінен 200 миллионға жуық адамның жеке деректерін таратқан сайттың жұмысын бұғаттады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

- Бірлескен іс-қимылдар нәтижесінде Украина, Молдова, Беларусь, Қазақстан және басқа да ТМД елдерінің азаматтарын қоса алғанда, 200 миллионға жуық адамның жеке деректері заңсыз таратылған ең ірі веб-ресурстардың бірі локализацияланды және тоқтатылды, - деп хабарлады сайт. .

Сайтта азаматтардың телефон нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты, олардың тіркелген жері, ал кейбір жағдайларда көлік құралдарын пайдалануға байланысты көрсетілетін әкімшілік қызметтер туралы ақпараттар болғаны нақтыланды.

Бұл факті бойынша Украина Қылмыстық кодексінің «Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.