COVID-19
Елімізде 22 қараша күні ревакцинация басталады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Республика халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссиясының ұсынысына сәйкес, бұған дейін халықты ревакцинациялау тәсілдері баяндалған болатын. Ревакцинация 22 қарашада 2 кезеңмен басталады», - деді министр.