Қоғам

Ақтөбе Халықаралық әуежайы сатылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбе халықаралық әуежайы сатылымға шығарылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаровтың айтуынша, бірінші бағалау барысында әуежай құны 7,3 млрд теңгеге, ал екінші бағалау қорытындысы бойынша 6,8 млрд теңгеге бағаланған.

«Әуежайдың бағалау құны жұртшылық, парламент депутаттары тарапынан сенімсіздік тудырғанын ескере отырып, «Независимая оценка» ЖШС бағалау есебіне сараптама жүргізу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда бағалаушылар палатасының сараптамалық есебіне сәйкес бағалау туралы есеп оң сараптамалық қорытынды алды. Яғни бағалау туралы есеп ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келеді», – деді Хамбаров.

Естеріңізге сала кетейік, әуежай алғаш рет тендерге 9 қыркүйек күні қойылған болатын.