Bugin
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы 5 жылда 1000 долларға көтерілетінін айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
- Жоғары санатты мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын бес жыл ішінде 1000 долларға дейін жеткізу жоспарланған, - деп мәлімдеді Шавкат Мирзиёев ұлықтау рәсімінде.
2020 жылы халыққа білім беру жүйесінде 13 407-і жоғары санатты мұғалімдер болды, бұл мұғалімдердің жалпы санының 2,8% -на да жетпейді. Аталған көрсеткішке қол жеткізу үшін олардың жалақысын 3,5 есеге арттыру қажет.
Мемлекет басшысы жоғары санаттағы мұғалімдердің айлық жалақысы 2025 жылға қарай 1000 долларға жетуі керек деді.
Бұдан басқа, алдағы бес жыл ішінде медицинаға бөлінетін қаржыны екі есе ұлғайту, оның ішінде жоғары санаттағы дәрігерлердің жалақысын эквивалентте 1000 долларға дейін жеткізу көзделген.
- Біздің мақсатымыз — ұлттық денсаулықты сақтау ұйымын халықтың денсаулығын жақсартуға ықпал ететін жоғары тиімді жүйеге айналдыру, — деп атап өтті Шавкат Мирзиёев.
Өзбекстанда 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, жоғары санатты мұғалімнің жалақысы 3 млн-нан астам сумды ($280) құрайды. Сол санаттағы дәрігерлер шамамен бірдей жалақы алады.
1000 долларға жету үшін бес жыл ішінде дәрігерлердің жалақысын 2,5−3 есе, мұғалімдердің жалақысын 3,5 есе арттыру қажет. Қазір жалақы жылына орта есеппен 15%-ға өседі.