Bugin
Жапония премьер-министрі Фумио Кишида мен үкімет құрамы отставкаға кетті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Киодо агенттігінің хабарлауынша, қазіргі үкімет 4 қазанда жаңа премьер-министр Фумио Кишида сайланған соң жасақталған. Жапондық саясаткер 2021 жылдың 29 қыркүйегінен бастап Жапонияның Либералдық-демократиялық партиясының төрағасы.
Парламент 10 қарашада Кишиданы 101-ші премьер-министр етіп қайта сайлайды. Билік партиясында депутаттық қоржынның жартысынан астамы бар. Одан әрі жаңа үкімет басшысын император бекітуі керек.
Осыдан кейін ғана Фумио Кишида жаңа министрлер кабинетінің құрамын жариялайды. Сыртқы істер министрі қызметіне жаңа шенеунік тағайындалады деп күтілуде. Бұрынғы министр Тошимицу Мотеги ЛДП бас хатшысы болды. Оның орнын Йосимаса Хаяши алады.
Қазан айының соңында Жапонияда парламенттік сайлау өтті. Билік партиясы төменгі палатадағы абсолютті көпшілікті – 465 орынның 261-ін сақтап қала алды.
Кишиданың орнына Йошихидэ Сугу шықты. Сугу Жапонияның либералдық-демократиялық партиясының рейтингісінің төмендеуіне байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді.