Bugin
Синоптиктер 11 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
«Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашын күтілетін циклонның науқанымен және онымен байланысты атмосфералық фронттармен белгіленеді. Солтүстік облыстарда қар көшіп, жаңбыр жауады. Республиканың шығысы, орталығы, оңтүстігі жоғары қысымды өрістің ықпалында болады. Онымен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Республиканың басым бөлігінде желдің күшеюі күтілуде, солтүстік облыстарда бұрқасын, көктайғақ, республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінің таулы аймақтарында тұман күтіледі» - делінген Қазгидромет хабарламасында.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада 11 қарашада күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Түнде -1°C, күндіз +4°C көрсетеді. 12 қарашада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде -2°C, күндіз +2°C болады. 13 қарашада күн бұлтты, қар жауады. Түнде -4°C, күндіз -1°C суық.
Алматыда 11 қарашада күн бұлтты, түнде 0°C, күндіз +8°C жылы болады. 12 қарашада түнде +2°C, күндіз +12°C жылы. 13 қарашада күн бұлтты, түнде +4°C, күндіз +10°C жылы.
Шымкентте 11-12 қарашада күн ашық, күндіз +14°C жылы, түнже +1...+3°C. 13 қарашада күн бұлтты, түнде +2°C, күндіз +9°C жылы болады.