Bugin

Күзгі көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аудан аумағындағы орталық көшелерде күзгі мезгілде көп жылдық гүлдер (раушангүл, хризантема) отырғызу және ағаш көшеттері мен газон егу жұмыстары басталды. 

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Т.Рысқұлов, Ұ.Арғынбеков, 1 автожол және Жібек жолы көшелерін көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Көгалдандыру жұмыстарын мердігер мекеме “Build Stroi” ЖШС-і тарапынан 125 жұмысшы 30 техника жұмылдырылып, кестеге сәйкес орындалуда. Жұмысшылардың еңбегі аудан тұрғындары тарапынан бағаланып, ризашылығын білдіруде.